Бұл туралы шешім Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдерінің онлайн форматтағы кездесуінде қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Келісімге сәйкес қараша айында міндетті мұнай өндіру көлемі 2026 жылғы қыркүйекте белгіленген деңгейде қалады. Осылайша альянс мүшелері өндіріс көлемін екінші ай қатарынан өзгеріссіз қалдырды.
Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық туралы келісімге бейілділігін растады. Сондай-ақ әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды бақылауды жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу