Бұл туралы Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оманның энергетика министрлері ортақ келісімге келгенін DW хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұйым шешімі "нарықтың қолайлы жағдайы" мен "тұрақты жаһандық экономикалық перспективаларға" негізделген.
Қазіргі таңда мұнай бағасы барреліне 65-70 доллар аралығында құбылып тұр. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға төмендеген.
Сарапшылардың айтуынша, өндірістің артуы бағаның барреліне 60 доллардан төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
"Бұл қадам мұнай нарығында қосымша қысым тудыруы мүмкін", – дейді норвегиялық Rystad Energy зерттеу орталығының сарапшысы Хорхе Леон.
Айта кетейік, 2026 жылға қарай мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге артады деген болжам бар.