ОПЕК+ келіссөздері кейінге шегерілді

550

Альянс мүшелері 4 қаңтарда өткен жиында ортақ мәмілеге келе алмады.

ОПЕК+ келіссөздері кейінге шегерілді Фото: tass.ru

ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін қысқартуға байланысты кездесуі 5 қаңтарда өткізілетін болды. Бұл туралы ОПЕК хатшылығы мәлім етті. Өйткені 4 қаңтарда өткен жиын кезінде министрлер ортақ келісімге келе алмаған көрінеді. 

"Келіссөздер ертең өтеді. Вена уақыты бойынша саған 15.30-да", – деді жиынға қатысқандардың бірі. 

Тараптар ақпан айында өндірісті арттыру туралы талқылау жүргізген болатын. Ресей мен Қазақстан келесі айдан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін тағы да 0,5 млн баррельге көбейту керек дегенді алға тартып отыр. Альянстың қалған мүшелері болса, ақпанда да бір тәуліктегі өндіріс көлемін 7,2 млн баррель деңгейінде сақтау қажет деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу