ОПЕК мұнай өндірісін шектеуге дайын

1361

Мұнай экспорттаушы елдердің өкілдері желтоқсан айында Венада бас қосады. Нарықта болатын негізгі өзгерістер сол жиын кезінде жарияланады.

ОПЕК мұнай өндірісін шектеуге дайын

Жаһандық экономикалық өсімнің баяулағанына алаңдаған ОПЕК мүшелері мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге келді. Олар сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтағысы келеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір Brent маркалы мұнайдың баррелі 60 доллардан сәл асады. Биыл ең жоғары көрсеткіш 75 болған еді. Осыны ескерген нарықты бақылайтын комитет Иракта өндіріс көлемі тәулігіне – 175 мың, Нигерияда 57 мың баррельге азаятынын хабарлады. Сауд Арабиясы да  қара алтын өндіруді күніне 10 млн баррельге дейін шектейді.

Мұнай экспорттаушы елдердің өкілдері желтоқсан айында Венада бас қосады. Нарықта болатын негізгі өзгерістер сол жиын кезінде жарияланады.

"ОПЕК хатшылығы жаңа ғана қарарды жария етті. Сондықтан, біздің кездесуіміздің басты нәтижесін қайталап уақыт алмайын. Ең бастысы, біз осында отырған барлық қатысушылар, 2018 жылдың желтоқсанында қол қойылған құжат талаптарын,ондағы міндеттерді тағы да 100 пайыз орындау туралы келісімге келдік",– дейді РФ энергетика министрі Александр Новак.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу