ОПЕК+ өндіріске қатысты шешімін өзгертпеді

612

Альянс наурыз айында келісімді 113%-ға орындаған болатын.

ОПЕК+ өндіріске қатысты шешімін өзгертпеді Фото: reuters.com

ОПЕК + елдері мұнай өндірісін арттыруға қатысты кезекті шешімін қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бір ай бұрын қабылданған келісімнің шарттары 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін өзгертілмейтін болды. 

Ресейдің энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, бұл шешім сұраныс өсіп, нарық біртіндеп қалыпқа келген уақытта өндірістің осы жылға белгіленген деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.

Нарықты коронавирус инфекциясының таралуы алаңдатып отыр. Сондықтан картель кезекті жиында келісімнің шарттарын өзгертпеуге уағдаласты.  ОПЕК+ наурыз айында жоспарды 113%-ға орындаған болатын. 2020 жылдың наурыз айында альянстың негізгі мүшелері ортақ мәмілеге келе алмай, салдарынан мұнайдың бағасы күрт төмендеген еді. Бірақ бір айдан кейін тараптар келіссөздер жүргізіп, ортақ шешім қабылдады. 

Еске сала кетсек, өткен айда ОПЕК+ бір күнде өндірілетін мұнай көлемін мамырда 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге және шілдеде шамамен 400 мың баррельге арттыру туралы құжатты жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу