ОПЕК+ отырысынан соң мұнай қымбаттады

648

Картель маусым айында бір тәулікте 700 мың баррель және шілдеде 840 мың баррель өндіреді.

ОПЕК+ отырысынан соң мұнай қымбаттады Фото: reuters.com

ОПЕК+ елдері маусым-шілде айларында мұнай өндірісін біртіндеп арттыру жоспарын ұстану туралы шешім қабылдағаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 58%-ға көтеріліп, 70,66 долларға жетті. WTI фьючерстері 0,5%-ға қымбаттап, бір баррелі 68,08 долларға саудаланып жатыр. 

Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бен Салманның айтуынша, Америка Құрама Штаттары мен Қытайда сұраныстың қалпына келіп, вакцинация қарқыны әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды қалпына келтіруге әсер етпек.

"ОПЕК+ альянсының ойынша, қыркүйек пен желтоқсан аралығында қор көлемі айтарлықтай қысқарады", – деп жазылған ING Economics сарапшыларының болжамында.

ОПЕК+ маусым айында бір тәулікте 700 мың баррель және шілдеде 840 мың баррель өндіреді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу