ОПЕК+ шешімінен кейін мұнай қымбаттады

749

Brent баррелі 70,89 доллар болды. 

ОПЕК+ шешімінен кейін мұнай қымбаттады

Мұнай бағасы ОПЕК+ шешімінен кейін қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Альянс өндіріс көлемін қаңтар айында бір тәулікте 400 мың баррельге ұлғайтады.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,75%-ға көтеріліп, 70,89 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 1,82%-ға қымбаттап, бір баррелінің бағасы 67,71 долларға жетті.

"ОПЕК+ өндірісті одан әрі ұлғайту туралы шешім қабылдағанымен, трейдерлер қажет болған жағдайда альянстың өндіріс көлемін өзгерте алатынын біледі. Мұндай шешім омикрон штамының мұнай нарығына қалай әсер ететінін анықтауға қосымша уақыт береді", – дейді ING Groep NV сарапшысы Уоррен Паттерсон.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу