Қазақстанда Open API мен Open Banking дамиды

443

Қазақстан Ұлттық банкі төлемдер және қаржылық технологияларды дамыту орталығымен бірлесіп, Open API мен Open Banking-ті 2023-2025 жылдары Қазақстанда дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша кеңесті.  

Қазақстанда Open API мен Open Banking дамиды Фото: fineksus.com

Бас қосуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің өкілдері қатысты.

Ал, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы нарыққа қатысушылардың мүддесін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар Open API технологиясын қолдану арқылы қаржы секторын дамытудың заманауи үлгілері мен Open Banking тұжырымдамасын талқылап, жаңа бастамалар негізінде Қазақстанда цифрлық қаржылық инфрақұрылымды құру перспективаларын сөз етті.

Open API мен Open Banking жобалары клиентке қаржылық қызметтерді алу үшін клиенттің жеке деректерін әртүрлі қаржы институттары арасында қауіпсіз және тиімді тасымалдау мүмкіндігін беруге бағытталған. Мұндай алмасу қауіпсіз ортада стандартталған ашық бағдарламалау интерфейстерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ашық банкинг жаңа төлемдер мен қаржылық қызметтерді жүргізуге, әкімшілік, сәйкестік және транзакциялар үшін уақыт пен операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Open API мен Open Banking тұжырымдамасы Қазақстандағы ашық банкингті дамытудың негізгі тәсілдері мен пайымын, ашық банктік интерфейстерді енгізу бойынша нақты қадамдар мен шараларды және осыған қажетті инфра­құрылымдық әрі реттеу тәсілдердін қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу