OpenAI компаниясы ChatGPT Translate қызметін іске қосты

Қазіргі уақытта ол 50-ден аса тілді аудара алады.  

OpenAI компаниясы ChatGPT Translate қызметін іске қосты Фото: siator.com

ChatGPT негізіндегі автономды веб-аударма құралы микрофон арқылы дауыспен енгізуді де қолдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Техникалық жағынан ChatGPT аударма жасауға қабілетті, бірақ жаңа веб-интерфейс жасанды интеллектіні аударма саласында нақты мақсатпен қолдануға бағытталып отыр. 
Neowin басылымы жаңа құралдың саннан гөрі аударма сапасына басымдық беретінін жазады.

Қызмет мәтіннің мазмұны мен дыбысын ескере отырып жұмыс істеуге қауқарлы. Аударма нәтижесінің астында жылдам өңдеу үшін арнайы түймелер бар: мысалы, бизнес немесе академиялық стильді таңдауға, сондай-ақ мәтінді балаларға түсінікті деңгейге жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ChatGPT Translate қызметі Google Translate және DeepL тәрізді интерфейске ие. Ол 50-ден астам тілді қолдайды, бұл Google Translate-тің 240-тан астам тілін қолдауымен салыстырғанда аз. Бірақ, қазіргі уақытта суретті аудару мүмкіндігі жоқ. 

ChatGPT Translate микрофон арқылы дауыспен енгізуді де атқара алады, бірақ бұл функция тек мобильді нұсқада қолжетімді болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу