Оппозиция өкілі Мерал Акшенер Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

687

Кеше, 28 мамырда Түркия 13-президентін сайлады. 

Оппозиция өкілі Мерал Акшенер Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады Фото: google.com

"İYİ" (Жақсы) партиясының басшысы Мерал Акшенер Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

- Қайта президент болып сайланған Режеп Тайып Ердоған мырзаны құттықтаймын. Халқымыздың таңдауы Түркия үшін қайырлы болсын. Ал Ердоған мырза осы сайлаудың нәтижесінен қорытынды шығарады деп үміттенемін.  Ол оған дауыс берген немесе бермеген осы елде тұратын әрбір азаматтың президенті екенін еске салғым келеді. Және соған сай әрекет етеді деп үміттенемін, - деді Акшенер. 

Сонымен қатар Мерал ханым сайлау учаскелерінің қызметкерлеріне, партия мүшелеріне, азаматтарға, әсіресе әйелдер мен жастарға алғысын білдіріп, таңдауын жасаған әрбір адамның дауысы олар үшін өте маңызды екенін жеткізді.

Ал сайлауда 47,84 дауыс жинаған оппозиция өкілі Кемал Кылычдароғлу қарсыласы Ердоғанды құттықтамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу