Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр

188

Ұлттық банктің 9 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 535,13 теңге.

Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 536,76 теңге болып, 1,67 теңгеге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттері долларды орташа есеппен 537,55 теңгеден сатып алып, 539,48 теңгеден сатып жатыр. Еуро 629,51-633,66 теңге, ал рубль 6,38-6,51 теңге аралығында.

Астанада америкалық валюта 536,00 теңгеден сатып алынып, 541,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 627,00-637,00 теңге, ал рубль бағамы 6,40-6,55 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар орта есеппен 535,92 теңгеден сатып алынып, 538,96 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 625,96-631,36 теңге шегінде, рубль 6,40-6,50 теңге көлемінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу