banner

Орал әкімдігі жекеменшік балабақшаларға 76 миллион теңге қарыз

1169

Бұл өткен жылдың 3 айына тиесілі қаражат. Кәсіпкерлер енді бұл қаржыны сот арқылы қайтарып алмақ.

Орал әкімдігі жекеменшік балабақшаларға 76 миллион теңге қарыз

Орал қаласының әкімдігі мемлекеттік білім тапсырысын орындаған жекеменшік балабақшаларға 76 миллион теңге қарыз, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, облыста 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепге дейінгі мекемемен 100% қамтылған. Бірақ бұл көрсеткішке жергілікті билік жаңағы жекеменшік мекемелердің көмегімен қол жеткізіп отыр. Олар жабылса, 5 мыңдай бүлдіршіннің қайда барары белгісіз.

Өткен жылдың басынан бастап еліміздегі барлық балабақшалар жан басына қарай қаржыландыру тәртібіне көшкен болатын. Әр балаға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 27 мың теңге. Алайда аймақта ата-аналар әлі де 19 мың теңгеден, яғни бұрынғы нормаға сәйкес төлем жасап келеді.

Былтырғы жыл үшін әр балаға ай сайын төленуі тиіс 7356 теңге бізге берілмеді. Енді ол орын санына байланысты көбейе түседі ғой. Мысалы, менің ұйымымда ол 2 миллион 600 мыңға жетті. Бұл қомақты сома. Ал қала бойынша есептесек, 76 миллион теңгеге шығады", – дейді мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының өкілі Борис Лаврентьев.

Жекеменшік балабақшаларға берешегі бар екенін облыстық білім басқармасы да жасырмайды. 76 миллион теңге қаладағы балабақшалар алдындағы қарыз. Сонымен қатар Бәйтерек ауданындағы мектепке дейінгі мекемелерге қарыз көлемі 34 миллион теңгеге жеткен. 

Бұрын біз бюджеттегі қаражаттың мүмкіндігіне қарай төлеп келдік. Қыркүйек айынан бастап бізге жан басына қарай қаржыландыру деңгейімен бірдей көлемде төлеу міндеттелді. Одан көп мөлшерде төлей алмаймыз, аз көлемде төлеуге де рұқсат жоқ. Сондықтан қыркүйек пен желтоқсан айларындағы қайта есептеу нәтижелері бойынша осындай қарыз қалыптасып отыр. Былтыр мәслихаттың барлық сессияларына бюджеттік өтінімдер жолдадық. Алайда, оң шешім шығарылған жоқ", – дейді облыстық білім басқармасы бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Евгения Иманғалиева.

Балабақшаларға қосымша төлем жасау биыл да қарастырылмаған. Республикалық бюджеттен жекеменшік балабақшаларды жан басына қаржыландыруға орай 1 миллиард 400 мың теңге бөлінген. Облыстық білім басқармасы қосымша 1 миллиард 300 мың теңге бөлу туралы министрлікке өтініш жолданыпты. Дегенмен, әзірге жуап жоқ. Кәсіпкерлердің ендігі үміті жергілікті бюджетте. Қазіргі таңда аймақтағы жекменшік балабақшалар саны 55-ке жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу