Орал қаласында "AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025" тұңғыш Халықаралық форумы басталды

185

Бүгін Орал қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – "AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025" тұңғыш Халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орал қаласында "AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025" тұңғыш Халықаралық форумы басталды Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Форумның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитеттің төрағасы, "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин және министрліктерден өкілдер қатысты.

Сонымен қатар, форум жұмысына отандық сарапшылармен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Франция және Иран Ислам Республикасынан келген халықаралық қонақтар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысуда.

Форум аясында қой шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, мал шаруашылығындағы инновациялық тәсілдер, экологиялық тұрақтылық пен экспорттық әлеуетті кеңейту бағыттары кеңінен талқыланбақ.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде ауылдың әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып келеді және 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы"деп жариялаған болатын. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, нақты өндіріс пен кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа серпін беруге бағытталған маңызды қадам", – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

"AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025" халықаралық форумында ғылыми-практикалық конференциялар, көрмелер, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылмақ.

Форумның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, заманауи технологияларды енгізу арқылы отандық қой шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу