Тексеріс барысында инвесторды жауапкершілікке тартуға заңды негіз болмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Валюталық түсімді репатриациялау талаптарын орындамағаны үшін "Конденсат" АҚ сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 251-бабының 2-тармағы бойынша 33 млн теңге көлемінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – делінген хабарламада.
Алайда іс материалдарын зерделеу нәтижесінде "Конденсат" АҚ шетелдік контрагентпен 32 млн Ресей рублінен (163 млн теңгеден астам) асатын сома бойынша міндеттемелерін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына толық сәйкес орындағаны белгілі болды.
– Қала прокуратурасының апелляциялық өтініші бойынша Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы іс жүргізуді тоқтатып, заңсыз сот актісінің күшін жойды", – деп атап өтті Орал прокуратурасы.
Ведомство инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын хабарлады.