Орал қаласында 7 күн ыстық су болмайды

303

Бұл туралы "Жайықжылуқуат" АҚ хабарлады.  

Орал қаласында 7 күн ыстық су болмайды Фото: gov.kz

7-13 қыркүйек аралығында Орал ЖЭО-ның жылу өндіретін жабдықтары толық тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компанияның ресми мәліметінше, жабдықтарды тоқтату күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында қажет.

Станцияда техникалық диагностика және гидравликалық сынақтар жүргізіліп, негізгі және қосалқы жабдықтар тексеріліп, жөнделеді.

Сондай-ақ мамандар алдағы жылыту маусымына жылу желілерін дайындау бойынша қажетті жұмыстарды атқарады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу