"Орал тұрғындарының жартысы жарықсыз қалуы мүмкін"

673

Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысын жарықпен қамтудағы күрделі жағдай туралы мәлімдеп, премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Орал тұрғындарының жартысы жарықсыз қалуы мүмкін"

Оның айтуынша, қала тұрғындарының тең жартысы екі турбоагрегаттан тұратын Орал жылу электр орталығы арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда екі турбоагрегаттың біреуі тозып, істен шыққан. Сондықтан екінші турбина өзіне сай стандартқа қарағанда екі есе белсенді жұмыс істейді. Мәселені шешу үшін 2020-2021 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, олар облыста игеріліп үлгермегендіктен, бұл қаржының бір бөлігі бюджетке қайтарылды.

Ләззат Рысбекова жұмыстарды аяқтау үшін 1 738,1 миллион теңге қажет екенін айтып, бұл қаржыны жылу электр орталығының турбоагрегаттарын жөндеуге бөлуді сұрады. Әйтпесе, оралдықтар бірқатар қиындыққа тап болуы мүмкін, деді депутат.

"Біріншіден, тағы бір турбоагрегат істен шығатын болса Оралдағы ЖЭО-ға қарағанда электр энергиясын бағасы 1 киловатт жоғары болатын басқа энергия өндіруші станциядан сатып алу қажеттігі туындайды, бұл өз кезегінде өңірдегі электр энергиясы тарифінің өсуіне алып келеді. Екіншіден, 2020-2021 жылдарға мердігерге аванс төленді. Жобаны одан әрі қаржыландыру тоқтатылған жағдайда аванстық төлемнің қайтарылмау қаупі бар. Үшіншіден, осы жоба аясында өндіруші зауыт турбоагрегат дайындауды іс жүзінде аяқтады. Оны Оралдағы ЖЭО-ға орнату кешіктірілген жағдайда, өндіруші зауыт жабдықты басқа сатып алушыға сатуға құқылы. Турбоагрегатты қайта дайындау 12 айға созылады", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу