Орал тұрғыны пәтерін есірткі зертханасына айналдырған

141

Күдіктінің айтуынша, өсімдіктердің тұқымын ол интернет дүкен арқылы сатып алған.

Орал тұрғыны пәтерін есірткі зертханасына айналдырған Фото: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер Орал қаласының тұрғыны пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырғанын анықтап, жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Белгілі болғандай, күдікті пәтеріндегі бір бөлмені фитозертханаға айналдырып, жарықдиодты шамдар мен тыңайтқыштарды қолданып, құрамында есірткі заты бар қарасора өсімдіктерін заңсыз өсірген. Санкцияланған тінту барысында қарасораның 11 түбі және 7 жас өскіні, сондай-ақ арнайы жабдықтар: шамдар, тыңайтқыштар, темекі шегуге арналған құралдар және кептірілген өсімдік тектес зат салынған пакеттер тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу