banner

Оралда 123 шетелдік жауапқа тартылды

736

Оралда 123 шетелдік жауапқа тартылды

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін өңірге келген 123 шетелдік азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заң бұзушылардың көпшілігі ішкі істер органдарында тіркелмеген немесе көші-қон картасында көрсетілген мекенжайда тұрмаған.

ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 517-бабын бұзғаны үшін 3 азамат қамау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылса, 76-сы елден шығарылды. 44 адамға 1 487,065 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның 1 146,728 мың теңгесі ерікті түрде төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу