Орал қаласындағы Самар көшесінде ағаштан салынған екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ТЖМ күштері келген кезде шатыр мен екінші қабаттың бір бөлігі отқа оранғаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның екінші қабаттың қалған бөлігіне және бірінші қабатқа таралуына жол берілмеді.
Өрт толығымен сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу