Оралда 27 күзетшінің 5,28 млн теңге жалақы берешегі өтелді

214

Еңбек инспекциясына жүгінгеннен кейін күзет агенттігі қызметкерлеріне берешек толық өтелді.  

Оралда 27 күзетшінің 5,28 млн теңге жалақы берешегі өтелді Фото: gov.kz

Оралда еңбек инспекторларының араласуынан кейін "A SECURITY" ЖШС күзет агенттігінің 27 қызметкеріне жалақы бойынша берешек толық өтелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселе 1 қыркүйекте бірнеше күзетшінің жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуінен кейін анықталған.

Жұмыскерлерді департамент басшысы Асылұлан Досжанов қабылдап, олардың мәселесін тыңдады. Кейін еңбек инспекторлары мен күзет ұйымының басшылығының қатысуымен мәселені жедел шешуге бағытталған кездесу өткізілді.

Тексеру барысында мемлекеттік мекемелерге қарасты бірқатар нысанды күзететін 27 жұмыскерге жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды. Жұмыс берушінің мәліметінше, қарыз көлемі шамамен 5,28 млн теңгені құраған.

Еңбек инспекторлары жұмыс берушіге басқа ұйымдармен есеп айырысуға қатысты мәселелер жұмыскерлерге жалақыны уақытылы төлемеуге негіз бола алмайтынын түсіндірді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2 қыркүйекте 27 жұмыскердің жалақы бойынша берешегі толық өтелді. Осылайша, олардың бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жалақыны уақытылы әрі толық төлеу – жұмыс берушінің міндеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу