Оралда 300 шетелдік заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

882

Оралда 300 шетелдік заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР аумағында заңсыз жүрген өзбекстандық азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іске нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азамат Қазақстанға 2016 жылдың қыркүйек айында келіп, биылғы тамызға дейін тіркеусіз тұрған. Сот оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 517-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп тауып, оны елден шығару туралы қаулы қабылдады.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Оралда 300 шетелдік азамат жауапқа тартылды. Олардың басым көпшілігі - Өзбекстан және Ресей азаматтары. Соның ішінде 77 адамға 2 608 939 теңге айыппұл салынды. 185 адамға қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза белгіленсе, 38-і елден шығарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу