Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында өңірдің 21 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті қаражатты жүйелі түрде бопсалады деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің бірнеше ай бойы күш қолданамын деп қорқыту арқылы облыстың 24 жастағы тұрғынынан ірі көлемде ақша бопсалағаны анықталды.
Келтірілген материалдық шығын 4 миллион теңгеден асты.
11 желтоқсанда аталған азамат басқа бір қылмыстық іс бойынша 6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталғанына қарамастан, сол күні тағы бір қылмыстық істің фигурантына айналған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.