Оралда 40-тан астам маршрутты субсидиялау жоспарлануда

710

Оралда 40-тан астам маршрутты субсидиялау жоспарлануда

Оралда 40-тан астам маршрутты субсидиялау жоспарлануда, деп хабарлайды КазТаг.  

"Бюджеттік өтінім жасалды. Бұрын әлеуметтік маңызды бағыттар тізіміне негізінен бау-бақша маршруттары кіріп еді, олардың саны 12 болатын. 2017 жылы тасымалдаушыларға субсидия ретінде 34 млн теңге бөлінді. Енді субсидия алушылар тізіміне 41 маршрутты енгізу қарастырылуда. Басымдық өз автопарктерін жаңартатын кәсіпорындарға беріледі", - деп хабарлады дүйсенбіде қалалық жолаушылар тасымалы және автожолдар бөлімінен.  
Ведомствода атап өткендей, тасымалдаушылардың өзі билікке жол ақысының нақты құнының 180 теңге (қазіргі таңда Оралда қоғамдық көлікпен жүру тарифі 80 теңге – ҚазТАГ)  екенін бірнеше рет айтқан болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу