Оралда 8 жасар қыз септикке құлап, көз жұмды

239

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Оралда 8 жасар қыз септикке құлап, көз жұмды Фото: pixabay

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы туған қызға қатысты оқиға туралы ақпарат 10 тамызда түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жеке үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.

"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деп мәлімдеді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу