Оралда 8 жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды

162

Оқиға 10 тамызда болған.

Оралда 8 жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды Фото: ЖИ

Орал қаласында 8 жастағы қыз бала қайғылы жағдайдан кейін көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қыз жер үйдің аумағындағы септикке абайсызда құлап кеткен. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қыз есін жимастан қайтыс болған.

Полиция қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп мәлімдеді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу