Оралда ауа райының қолайсыздығынан төрт әуе рейсі тоқтатылды

251

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жасалды.

Оралда ауа райының қолайсыздығынан төрт әуе рейсі тоқтатылды Фото: Inbusiness.kz

FlyArystan әуекомпаниясы ауа райының қолайсыздығынан Оралда төрт әуе рейсі тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қолайсыз ауа райы жағдайларына, атап айтқанда, қатты қарсы желден және соның салдарынан Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауына байланысты рейстер тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мына рейстер тоқтағаны айтылған: KC7265 Ақтау-Орал, КС7266 Орал-Ақтау, KC7165 Алматы-Орал, КС7166 Орал-Алматы.

Айта кетсек, сенбі күні еліміздің Астанасы мен 13 облыста дауылды ескерту жасалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу