Оралда автобусқа жабысқан 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

223

Жасөспірімдер Абай даңғылының бойынша №22 бағыттағы автобустың артқы бөлігіне жабысып, аяқтарын көлік бөлшектеріне тіреген.

Оралда автобусқа жабысқан 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдап, бейнежазбаларды аумақтағы мектептердің полиция инспекторларына жолдады. Нәтижесінде мектеп инспекторы өзіне бекітілген мектептің оқушылары екенін таныған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар қала мектептерінің бірінде оқитын 8-9 сынып оқушылары болып шықты. Полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын мектепке шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертті.

Аталған жағдайға байланысты кәмелетке толмағандардың ата-аналары заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Себебі, көлік кенеттен тоқтаған немесе бұрылған жағдайда жасөспірімдер жолға құлап, ауыр жарақат алуы немесе қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу