Оралда батпаққа батып қалған балақайды құтқарушылар аман алып қалды

124

Шаған өзенінің жағасында ойнап жүрген бала батпаққа тізеден жоғары батып, өздігінен шыға алмай қалған.  

Оралда батпаққа батып қалған балақайды құтқарушылар аман алып қалды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жақын маңдағы тұрғын әйел жағдайды байқап, бірден 112 нөміріне хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz сайы.

Хабар түскен сәттен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, баланы сазды лайдан аман-есен шығарып алды.

Мамандардың айтуынша, құтқару операциясы бірнеше минуттың ішінде сәтті аяқталған. Бала дін-аман, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ТЖМ өкілдері тұрғындарға балалардың қауіпсіздігіне назар аударып, су мен лайлы жерлердің маңында ойнауға жол бермеуді ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу