Оралда белгілі кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты

358

Жәбірленуші ауруханада жан тапсырған.

Оралда белгілі кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Оралда кәсіпкер аяусыз соққыға жығылып, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты uralskweek.kz басылымына сілтеме жасап.

2023 жылы 11 қараша күні сағат 10:05-те Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға 1969 жылы туған азамат жеткізілген. Алайда жәбірленуші алған түрлі жарақаттары салдарынан ауруханада жан тапсырған. Мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жолданыпты.

"Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, қолға түсірді", делінген ПД хабарламасында.

Ол бұрын сотталмаған, Орал қаласының 1981 туған тұрғыны екені анықталды. Күдікті Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу