Оралда бір топ адам мен нәресте түн ортасында лифтте қалып қойған

182

Бұл туралы ТЖМ баспасөзі мәлімдеді.

Оралда бір топ адам мен нәресте түн ортасында лифтте қалып қойған Фото: canva

ТЖМ құтқарушылары лифтте қалып қойған бір топ адам мен нәрестені босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Түнде Орал қаласы 112 қызметіне бойжеткен хабарласып, өзінің бір топ адаммен Ақан сері көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінде лифтте қалып қойғаны туралы хабарлады.

"Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен есікті ашып, 6-шы және 7-қабаттар арасында тұрып қалған кабинаның ішінен 5 ересек адам мен 2025 жылғы нәрестені босатты", – делінген хабарламада.

Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу