Орал бірқатар дүкенде ұрлық жасағандар құрықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күдіктілер түнгі уақытта сауда нысандарына заңсыз кіріп, ақшалай қаражатты, азық-түлік өнімдерін және өзге де тауар-материалдық құндылықтарды жымқырған. Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асты.
Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу