Оралда екі автобус соқтығысты

475

Салдарынан 11 адам зардап шекті.

Оралда екі автобус соқтығысты

Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі "Жазира" аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат..

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.

"Оқиға орнында 6 бригада жұмыс жасады. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі – ер адам, қалғаны - әйел) облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр", – деді Айнагүл Сақпосынова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу