Оралда Еуразия даңғылының атауы өзгерді

528

Абайдың есімі берілмек.

Оралда Еуразия даңғылының атауы өзгерді

Оралдағы Еуразия даңғылы Абай даңғылы болып өзгерді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланып, депутаттар бірауыздан қолдау көрсетті. Сөйтіп, БҚО әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі тіркеу үшін облыстық әділет департаментіне жолданды.

Белгілі болғандай, қала әкімдігіне Еуразия даңғылының атауын өзгерту жөнінде Жазушылар одағының Батыс Қазақстан филиалымен бірлесіп, ақын Ақұштап Бақтыгереева ұсынған. Бұған дейін бұл ұсыныс ақпан айында облыстық мәслихаттың жұмыс тобында қарастырылған. Шешім ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында қабылданып отыр.

Құралай Қуатова

Фото: uralskweek.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу