Оралда қоқыс контейнерінен табылған нәрестенің анасын іздестіру жалғасуда

175

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оралда қоқыс контейнерінен табылған нәрестенің анасын іздестіру жалғасуда Фото: www. 24.kg

Орал қаласында қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасын анықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Ведомство мәліметінше, оқиғаға байланысты 14 тамыздан бастап сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

– Полиция қызметкерлері медициналық мекемелерде есепте тұрған әйелдерді, сондай-ақ түрлі себептермен есептен шыққандарды тексерді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы көпқабатты және жеке үйлерді аралап, тұрғындардан сұрастырды. Үйлердің кіреберістеріндегі бейнебақылау камераларының жазбалары да қаралды. Нәрестенің анасын іздеу шаралары жалғасуда. Егер осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер, 102, 8-711-2-98-15-01 немесе 8-775-373-00-94 нөмірлеріне дереу хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу