Оралда қоқыстан табылған нәрестенің оқиғасы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

142

Сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ өлі туған. 

Оралда қоқыстан табылған нәрестенің оқиғасы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды Фото: freepik

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың табылуына қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен жазғандай, қылмыстық іс қозғалып, анасын іздестіру жұмыстары жүргізілгенімен, оның мекенжайы анықталған жоқ.

Сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ өлі туған. 

"Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 35-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалау органымен келісілді", – деп хабарлады ведомстводан. 

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Орал қаласында көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу