Оралда көпқабатты үйден 13 адам эвакуацияланды

109

Оқиға Самал көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің балконында тіркелді.  

Оралда көпқабатты үйден 13 адам эвакуацияланды Фото: Envato

Алдын ала мәлімет бойынша, балконда үй заттары жанған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялады.

Өрт туралы хабар түскен бойда ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен барлығы 13 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндіріліп, жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу