Оралда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қыз құтқарылды

621

Қазір жасөспіріммен психологтер айналысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оралда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қыз құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды.

Қазір жасөспіріммен психологтер айналысып жатыр.

Жасөспірімді мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу