Орал қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары құрылыс алаңында топырақ астында қалып қойған ер адамға дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1966 жылы туған ер адам іргетасты оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ опырылып, шұңқыр ішінде қалып қойған. Ол өздігінен шыға алмаған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, кейін оны тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу