Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ өрт сөндірушілері алтыншы қабаттағы баспалдақ алаңында жеке заттардың жанғанын анықтады. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге және тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісті.
Жедел әрекет нәтижесінде бір адам құтқарылып, 15 тұрғын, оның ішінде үш бала эвакуацияланды.
Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу