Оралда Шаған өзенінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиға бойынша пікір білдірді. 13 желтоқсан күні түстен кейін Садовое ауылына жақын өзеніндегі мұз бетінен мәйіт табылды. Полицияның дерегінше, оның денесінен зорлық-зомбылық іздері болмады.
"Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны. Жақын маңда қармақ табылды. Ер адамның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу