Оралда тұрғындардың пойыз астына түсу оқиғалары жиілеп кеткен

746

Бір апта екі ер адам пойыз астына түсіп, екеуінің де аяғына ота жасалды

Оралда тұрғындардың пойыз астына түсу оқиғалары жиілеп кеткен

Оқиғалардысаралай келгенде, адамдардың стансаларда тыйым салынған жерлерден өтіп, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтыны анықталған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, облыста соңғы бір апта ішінде екі ер адамды пойыз басып кетті. Оның ішінде, бірінші жағдай 9 шілде күні "Деркул-2" стансасында болған. Таңертең ер адам жүк пойызының астында қалып, ол ауыр халде аурухананаға жеткізіліп, қос аяғынан айырылды. Арада екі күн өткенде, 11 шілде күні тағы осындай жағдай Депо ауданында қайталанды. Бұл жолы 41 жастағы ер адам пойыз астына түсіп, оның да екі аяғына ота жасалды. 

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі жағдай бойынша да қылмыстық іс қозғалып, қазіргі күні тергеліп жатыр. Әзірге белгілі болғаны, теміржол депосындағы оқиға болған жерде адамдарға жүруге тыйым салынған, алайда жергілікті тұрғындар оған мән беріп жатпай, әрі-бері өтуге әуес екен. 

Өкініштісі, мұндай бейқамдықтың соңы кейде жап-жас өмірді қыршынынан қиып жатады. Өңірде 28 маусым күні Нұр-Сұлтан-Орал жолаушылар пойызы қағып кеткен 25 жасар жігіт кейін есін жимастан көз жұмған еді. Кейін анықталғандай, ол пойыздың алдынан белгіленбеген жерде жүгіріп өте шықпақ болған. Ал пойыздың қатты дүрілін құлаққап киіп алғандықтан, естімеген де болуы мүмкін екен. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу