Оралда үш жүзден астам абонент газдан ажыратылады

509

Газ құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Оралда үш жүзден астам абонент газдан ажыратылады Фото: ИноСМИ

Қалада барлығы 333 абонент газдан уақытша ажыратылады, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

"17 наурыз күні сағат 09:00-ден бастап 18:30-ға дейін Губаров – Мусин, Құрманғалиев – Исатай батыр көшелерінде жерүсті болат газ құбыры қайта жаңартылады. Жеке сектордың 153 тұтынушысы, көпқабатты үйлердің 180 абоненті көгілдір отыннан уақытша ажыратылады", - делінген "ҚазТрансГазАймақ" АҚ таратқан мәліметте.

Айта кетейік, осыған дейін  түркістандық кәсіпкерлерге жоғары тариф заңсыз есептелгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу