Оралда заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

179

Жедел-іздестіру "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.

Оралда заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты екі деректі анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицейлер ең бірінші 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның үйінің ауласынан 2 үлкен қорап табылып, ішінен өсімдік тектес зат салынған 12 полиэтилен қап тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы – 198 келі 16 грамм.

Екінші дерек бойынша, 45 жастағы Орал тұрғынының пәтерін тінту кезінде 23 келі кептірілген марихуана табылды.

Осылайша, екі дерек бойынша заңсыз айналымнан жалпы салмағы 221 келіден астам марихуана тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта есірткінің шығу тегі мен жеткізілу арналары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу