Айыпталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта айыптың дәлелді әрі бұлтартпас айғақтарын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол өз қорытындысында дене жарақаттарының жоқтығын және мәйіттің шіру өзгерістеріне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін еместігін көрсеткен. Алайда, эксгумациядан кейін Астана қаласының сот-медициналық сараптама мамандары жүргізген комиссиялық сот-медициналық сараптама нәтижесінде тірі кезінде келтірілген көптеген дене жарақаттары, оның ішінде қабырғалардың және тіл асты сүйегінің сынғанын анықтаған.
Нәтижесінде, сот бастапқы сараптамалық қорытындының нақты деректерге сәйкес келмегенін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын жаңылыстырған болып шықты.
Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы 1-бөлігі (сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі) бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.