Оралда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші айыппұл арқалады

214

Тексеру барысында аталған көлік құралына қағаз жабыстырылғаны анықталды.  

Оралда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші айыппұл арқалады Фото: polisia.kz

Орал қаласы аумағында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Toyota Hilux маркалы автокөлікті тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде аталған көлік құралына қағаз түрінде жасалған, сыртқы көрінісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне ұқсас жалған нөмір орнатылғаны анықталды.

Нөмірлік белгі заң талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты көлік жүргізушісі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бойынша жазаланды.

Оған мынандай айыптар тағылды:

  • көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн орнату; 
  • көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару;
  • мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу