Оралда жанармай құю бекетіне тапаншамен кірген мас ер адам ұсталды

244

Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оралда жанармай құю бекетіне тапаншамен кірген мас ер адам ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Орал қаласында 46 жастағы азамат мас күйінде жанармай құю бекетіне екі тапаншамен кіргені үшін қолға түсті. Ол дүкеннен темекі сатып алғанымен, сатушыға тікелей қоқан-лоққы көрсетпеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соған қарамастан, сатушы қауіпсіздік шарасы ретінде дабыл түймесін басып, полиция шақырған.

Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан пневматикалық және старттық, оқсыз тапаншаларды тәркіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу