Оралда жанып жатқан үйден әйел адам құтқарылды

209

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйді барлау барысында 52 жастағы әйелді тауып, оны далаға алып шықты.  

Оралда жанып жатқан үйден әйел адам құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Орал қаласында Украинская көшесі бойында шаруашылық құрылысы мен жеке тұрғын үйде өрт шығып, кейін жалын көрші үйдің шатырына тараған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ құтқарушылар жер үйден бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, көрші үй оттан аман қалды.

Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу