Оралда жат діни ағымды ұстанушылар кәсіпкерлерді бопсалап келген

270

Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылады.

Оралда жат діни ағымды ұстанушылар кәсіпкерлерді бопсалап келген Фото: Polisia.kz

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

19 қазанда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады. Шығын 10 млн теңгені құраған. 

Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылады, бұрын бірнеше рет сотталған.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу