Оралда жауған қардан 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды

453

Бүгін Оралда алғашқы қар түсіп, қала тұрғындары әбігерге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оралда жауған қардан 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды Фото: Instagram/abillkairov

Ақ ұлпаның көп жауғаны сонша, электр желілерін зақымдап, 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды.

Жолда көлік қозғалысы да қиындады. Ұйытқыған жел мен толассыз жауған қар, жарық тарату желісіне әсер етіп, апатты жағдай тіркелген.

Шаһарда диспетчерлік қызметтің 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал коммуналдық қызмет жолдарды қардан тазалап үлгерер емес.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 300-ге жуық адам мен 182 техника осы жұмысқа тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу