Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

122

Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті Фото: uralsk_week_media

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Орал қаласының қақ ортасында көлік жүргіузішісі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"15 қаңтар күні сағат 9:23 шамасында Құрманғазы көшесіндегі "Мектепші" сауда үйінің алдында Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті", – делінген хабарламада.

Жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан. 

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу